jasqazaq.kz

Қандастар Атажұртта оқуға неге құлықсыз?

24 қыркүйек 2016, 22:44

snimok

Соңғы 10 жылда өз атамекенінде оқуға ниет танытқан жастардың саны айтарлықтай азайған. Бұл туралы оралмандар мәселесіне арналған «Шынтөбе» пікірталас клубының алғашқы отырысында ҚР БҒМ Жоғары және ЖОО кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көкенова айтты.  

Гүлзат Көкенова  еліміздегі жоғарғы оқу орындарында қазақ диаспорасының өкілдеріне жыл сайын мемлекеттік тапсырыс негізінде 2%-дық квота қарастырылғанын айта келе, соңғы 10 жылда конкурсқа қатысатын балалардың саны айтарлықтай азайғанына назар аударды.

«Мысалы, 2005 жылы конкурсқа 3 мыңнан астам адам қатысқан болатын. 2015 жылы студенттерге 35 мыңнан астам грант бөлінді.  Соның 2%-ы шетелде тұрып жатқан қазақ диаспорасының балаларына бөлінді. 7 мың бала квота бойынша оқуға түсті. Өкінішке қарай, биыл аталмыш конкурсқа тек 1 мыңнан астам бала ғана қатысты. Бұл өте аз», — дейді Г.Көкенова.

Бұл орайда отандық жоғары оқу орындары шетелдегі қандастар арасында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет деп есептейді министрлік өкілі.

«Бүгінде біз отандық университтер шетелде студенттерді қабылдау кеңселерін ашса екен деп отырмыз. Бұл бір жағынан осы балаларға түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге мүмкіндік береді», — дейді ол.

Ал Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Астанадағы филлиалының жетекшісі Қарлығаш Қожамұратованың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі квота бөлгенде барлық облысты қамтуы қажет. Өйткені, кейбір өңірлердегі оқу орындарына студенттер онсыз да сыймай жатады.

«Екіншіден, отандық университтер неге шетелмен жұмыс істемейді? Интернеттің дамыған уақыты, жоқ дегенде жарнамасын жасамай ма? Біз өзіміз шетелдің сайттарына тиісті ақпаратты бердік. Университтердің орнынан біз жұмыс жасадық. Петропавл, Павлодар, Семей қалаларындағы ЖОО-ларға ақпарат бердік», — деді Қарлығаш Қожамұратова.

Бүгін, 14:35
В Туркестане впервые запущено производство агродронов
Бүгін, 14:26
Туркестан: В торговых сетях увеличивается доля отечественной продукции
Бүгін, 14:24
В Мактаральском районе будет запущен завод по производству хлопкового и растительного масла
Бүгін, 14:12
Туркестан: Активизируется работа по обеспечению занятости населения
02 маусым, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
02 маусым, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
02 маусым, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?