jasqazaq.kz

Қанат Ислам: Әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес

31 қазан 2016, 11:58

anat

Отандық боксшы Қанат Ислам  кешегі өткен жекпе-жегінде қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты. Боксшы бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі. «Алматы аренаға» келіп қолдау көрсеткен және келе алмай телеарна алдында тақымын қысып отырған ағайынға айтар алғысым зор. Бұл — сіздердің жеңістеріңіз. Жекпе-жек мен үшін өте қиын болды. Барлығы менен нокаут күткенін білемін. Кездесудің екінші раундында екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым. Сол үшін де оны шаршатып, 12 раунд бойы жұмыс істеу керек болды. Жаттықтырушымның кеңесі осы болды. Бұл — спорт. Рингте кез келген жағдай болады. Көптен бері 12 раундтық жекпе-жегім болмап еді, мен үшін бұл да бір тәжірибе. Бәрі алда, бұйыртса, әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес. Жарысты ұйымдастырып, Қазақ елінде тамаша кәсіпқой бокс кешінің өтуіне қолдау көрсеткен Бауыржан Байбек, Бауыржан Оспанов, Айдын Рахымбаев, Кеңес Рақышев ағаларыма алғыс айтамын. Ерім дейтін ел барда, елім дейтін ерлер көбейеді. Бұл бокс кеші талай қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Бізде мықты жастар көп. Бұйыртса, кәсіпқой бокста талай қазақ жігіттері өз биігін бағындырады. Жеңісті күндер көп болсын!» — деді  спортшы.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі