jasqazaq.kz

Анасы мен ұлын өлтіріп кетті

29 наурыз 2023, 16:23


Ақтөбе қаласында анасы мен баласы кісі қолынан қаза болды. Ал отбасындағы 13 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиғаны қаныпезер 29 наурыз күні таңға жуық іске асырған. 102 телефонына таңғы сағат 5:30-да қоңырау түсіп, тұрғын үйдегі пәтердің бірінен екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабар беріледі.

«Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қыз балаға ота жасалғанын мәлім етті. «Қызға ота жасалды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Жағдайы ауыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта