jasqazaq.kz

Ана баласынан алимент талап етті

28 желтоқсан 2016, 22:16

73 жастағы Кәмия Мұқанова баласынан ай сайын 21 мың теңге алимент талап етуде. Оның айтуынша, анасын ұдайы ұрып-соғатын төртінші ұлы оны көшеге қуып жіберген көрінеді. Бірақ шешесін ақылынан адасқан деген баласы оның бұл айтқанын теріске шығарды. Керісінше, ұрыс-керіске жақын жүретін анасы ұлының отбасына күн бермейді екен. Отбасылық кикілжің сотқа да жетті.

ktk.kz хабарлағандай, он құрсақ көтерген Кәмия Мұқашеваның қазір үш ұл, бір қызының көзі тірі. Бірақ Астанада тұратын қызы ғана 73 жасар анасына қолынан келгенше қарайласып тұрады екен. Ұлдарын тас жүрек деп айыптаған кейуананың жолдасы осыдан алты жыл бұрын қатерлі ісіктен көз жұмған. Содан бері көрген күнім күн емес деп жылайды ол. Әсіресе, төртінші ұлының қорлығы жанына бататын көрінеді.

Кәмия Мұқашева, зейнеткер:

-Мені қуыршақ сияқты ұрды. Мен жұлқынып әйтеуір көршінің үйіне кіріп кеттім ,өлтіруші еді.Мен оны тоғыз ай, тоғыз күн көтердім. Үнемі жұмыста болдым, декретте де бола алмадым.

Өмір бойы жиған тергеніне осы үйді сатып алып, ауылдан көшіп келген Кәмия әжей 60 мың теңге зейнетақы алады . Бірақ бұл ақша жалғыз тұратын кейуананың ас суынан артылмайтын көрінеді. Сондықтан Марбұлан есімді төртінші ұлын сотқа беріп, алимент талап етуге бел буыпты.

Анатолий Рассказов, адвокат:

-Біз қазір 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент талап етіп отырмыз. Өйткені Марбұланның кәмелетке толмаған екі баласы бар.Олардың да жағдайын ойладық…

Кәмия апайдың сотқа келген баласы мен келінінің айтуынша, шешесі ешқашан таяқ жемеген. Керісінше, бала кезінен оның жылы алақаны мен қамқорлығын көрмей өскендіктен, бұл әйелді «ана» деп айтуға аузым бармайды дейді ұлы. Ойың айтуынша, Кәмия апай бұларға күн бермейді екен.

Марбұлан Мұқашев, ұлы:

-Мен бұл әйелге неге алимент төлеуім керек. Бала күнімде дұрыстап баққан да жоқ. Оған керегі тек ұрыс-керіс, осылай соттасу. Бір жерге жұмысқа тұрсам болды, бастығыма жылап келіп, мені жамандайды. Аяғымды да осы мінезімен көрге тықты. Енді менің кезегім келген ғой.

Марбұланның айтуынша, анасы бұрын да оны дәл осылай сотқа беріп жеңіліп қалыпты. Осы жолғысының немен тынары белгісіз. Бірақ кейуана судьяның өзіне жаны ашитынына сенімді. Солай бола қалған жағдайда, ол қалған ұлдарын да сотқа сүйреймін деп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық