jasqazaq.kz

Америкада өзбек жігітін атып өлтірді

07 қазан 2016, 18:33

123

Американың Мэриленд штатында 2 қазан күні кешке Сардор Файзиев есімді 18 жасар өзбек ұланы қаза болды.

Сол күні кешке Сардор екі досымен бірге өз көлігінде отырған. Кенет оларға бейтаныс қара түсті жігіттер келіп, өзбек жігітінің басынан тапаншамен атып кетеді.

Сардор соңғы жылдары АҚШ-та тұрып, оқыған. Franklin High School-де білім алған. Ал отбасы Америкаға 2006 жылы қоныс аударып, Мэрилендте тұрып жатқан көрінеді. Сардор отбасындағы жалғыз ұл болған. Оның соңында енді ата-анасы және екі қарындасы қалды.

Басылымның мәліметінше, баланың басына оқ тигеннен кейін оның бір досы полицияға қоңырау шалып, хабар берген. Оқиға болған жерге полициямен бірге «жедел жәрдем» көлігі де келген. Дәрігерлер баланы ала кетіп, Мэриленд университетінің ауруханасына апарған. Мұнда жеткізілгенде жігіт әлі тірі болған. Бірақ қайта есін жия алмай, жантәсілім еткен.

Полиция қылмыстың ізін суытпай, Сардорға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Енді алған екі қылмыскерді іздестіріліп жатыр.

Детективтер алдымен Брайан Лионель Гонсалес есімді қылмыскерді анықтаған.

Баланың ата-анасы Сардордың мәйітін отанына апарып, Ташкентте жерлеуге шешім қабылдапты.

baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық