
АҚШ-тың Балтимор қаласында жанармай таситын жүк көлігі көпірден құлап, сол бетте жарылды. Ол бірнеше жолдың торабы саналатын көпірдің астыңғы жағындағы жол үстіне түскен.
BAQ.kz хабарлағандай, салдарынан 70-ке жуық автокөлік апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Тағы 15-і жарақат алды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың тайғақтығына қарамай жылдамдықты шамадан асырған. Кейін көлігіне ие бола алмай қалған. Оқиға АҚШ-тың шығыс бөлігін бір-бірімен жалғайтын күре жолдың бойында орын алды. Қазір жол жабылып, көліктерден тазарту жұмыстары басталды.
Айта кетейік, бұл аймақта соңғы күні ауа райы бірден құбылып, қар аралас жаңбыр жауған болатын.