
Әнші Алтынай Жорабаева желіде шу болып жатқан Жанат Бақыттың жазбаларына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл туралы инстаграм парақшасында жазба арнады.
«Желідегі шу болып жатқан тақырыпқа неге үндемейсіз деп көптеген хаттар келуде. Мың толғандым, шынымды айтсам… Егер менің пікірім маңызды болса, айтайын. Былтырғы 2022 жылғы сәуір айынан бастап Жанат Бақыт парақшасында, Ислам дініне тиісіп, Қасиетті Құранды “өзгертілген “ деген (астағфируллаһ) реинкарнация т.б. миға қонымсыз посттар мен стористер жаза бастаған соң, жекесіне шығып, тоқтатуын, елді адастырмауын өтіндім. Жеке басында шаруам жоқ. Тек, 2 млн оқырманын уайымдадым. Мұндай миға қонымсыз дүниені насихаттамауын өтіндім. Қаншама дін мамандарының Ж-ң парақшасын зерттеп, қолға алуларын өтіндім.
Ж.өз басым қатты силайтын едім. Оны өзіне де айттым. Осындай білімді , беделді адамның, ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНҒА, ИСАЛАМ ДІНІНЕ неге шүйліккені миыма сыймады.
МҰСЫЛМАН МІНСІЗ ЕМЕС!
ИСЛАМ ДІНІ -МІНСІЗ
Бір мұсылманның болмысына қарап, Ислам діні туралы шешім шығару дұрыс емес! Осыны барлығы түсініп алса деймін!
Ал реинкарнацияға келетін болсақ, сонда бір рухқа бір жан мен тәнді жарату АЛЛАҒА соншама қиын болды ма? Рух әр тәнге бір кіріп жүрсе, кейін қайсы тәнге жауап береді?
Оның үстіне тәнге кірген соң , жады (память )өшеді екен.
АЛЛА ең жақсы көретін жаратылысы, сүйікті орынбасары Адаммен осылай “ издеваться” етпейтін шығар енді.
Адамдар түсірген “Каждый 88”, “Пикей” деген фильмді көріңдер деп қайта-қайта парақшасына, сторисына салып отырды. Өзі айтып отыр ғой, «портал ашылды, портал ашылды»,- деп. Иә, жер бетінде адамдармен қатар (параллель) жындар да өмір сүретінін ескерейік. Қазір сол жындар қауымы адамзатқа үлкен ықпалын жүргізуде. Міне, сол жындар қауымының ең күштілері отырған сияқты Жанаттың артында. Олардың адамдарға ықпал жүргізуі, зиян беруі үшін порталдар ашылып жатқанын ұстаздар да айтып жүр. Қазақтың “жын ұрыпты, жын кіріп кеткен, жынданған” деген сөздері содан шықса керек. Жанат сіңілімізден де осы белгілерді байқаймыз. Өздігінен емес, осындай ғайыптан келген шайтани күштердің кесірінен бұлай сөйлеп отыр деп ойлаймын. СОЛ СЕБЕПТІ КАЛИМАНЫ жиі айтып, үнемі дұғада жүріңіздер!»,- деп жазды әнші.
JQ-Aqparat