
Ақтөбелік шенеуніктер алтын жалатылған орынтаққа отырғысы келеді. Тengrinews.kz мемлекеттік сатып алу сайтына сілтеме жасап осындай жаңалықты жеткізді. Ақтөбе облыстық іс басқармасының басшысына арналған бір орындықтың бағасы 630 мың теңге. Орындық бұзау терісімен қапталып, алтынмен апталуы тиіс.
Ал келушілерге арналған орындықтың бағасы сәл арзандау – 560 мың теңге.
Ақпарат жариялаған әкімдік өкілдері тапсырыстан бас тартатынын мәлімдеді.
