jasqazaq.kz

Алтын орданың бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

16 қантар 2023, 10:54


Бұған дейін де басынан дау арылмаған, еліміздегі ең ірі сауда орталығы саналатын «Алтынорда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Былтырғы жылдың соңынан базардың айналасына төрт бірдей ер адамның суреті ілініп, іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Олар ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Алматы облысы, Қарасай ауданының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіруде. Алматы облыстық полиция департаменті күдіктілердің төртеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын растады. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Данияр Әбдіғапаровқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «алаяқтық» бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Жұмадин Патовқа, 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа халықаралық іздеу жариялады. Олар қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «алаяқтық» бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін» хабарлады.

02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды