
Бітпейтін кептеліспен жүргізуші атаулыны әбден қинайтын «Алтын Орда» базарының маңы ұсақ сауда дүңгіршектерінен арылады.
Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту мақсатында осы базар арқылы өтетін жол кеңейеді. Жол шетіндегі сауда дүңгіршектері сүріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов хабарлады. Оның айтуынша, 2017 жылдың сәуір айына дейін 25 сауда дүңгіршегі сүріліп, орнына 10 жолақты екі бағытқа бес жолақтан тұратын жол салынады.
