
Бестөбе кентінің тұрғынынан Степногорск қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері құрамында алтын бар 79 келі материал тәркіледі деп хабарлайды JQ-Aparat Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алтын араласқан кенді қайта өңдейтін шағын цехті бестөбелік тұрғын шаруашылық құрылысының жертөлесіне орнатқан. «Рейд кезінде жедел уәкілдер 32 жастағы ер адам заңсыз жабдықты өз бетінше жинап, материалды үйінділерге жинақтағанын анықтады. Алғашқы тергеу іс- шараларында полиция шар ұстатқыш, жуғыш, ұсақтауға арналған 10 металл шар және электр қозғалтқышын тәркіледі. Мұнда жедел уәкілдер жалпы салмағы 79 келі болатын құрамында алтын бар 2 қап тапты. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.