jasqazaq.kz

Алтын іздеп ажал құшты

17 қантар 2023, 12:09

Бестөбе кен орнында екі адамның мәйіті табылды деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медиа-порталдың жазуынша, екі адам Бестөбе шахтасына заңсыз жолмен алтын іздеуге кірген болуы мүмкін. Бестөбе ауылының 1986 жылы туған тұрғыны мен Степногорск қаласының 33 жастағы тұрғынының денесі үйіндінің арасынан табылған.

«Заңсыз алтын іздеуге кірген куәгердің айтуынша, ер адамдардың денелері үйілген кендердің астынан табылыпты. Кейін өзге іздеушілердің көмегімен сыртқа шығарылған. Қазіргі таңда іс қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі (Қорғалатын объектіге заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасып жатқанын» хабарлады Polisia.kz.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді