jasqazaq.kz

Алты рет құтылды, жетіншісінде тұтылды

23 қыркүйек 2016, 15:41

 

naruchniki-zhenshhina

Оралда өзіне сенген адамдарды алдаған 1991 жылғы А. есімді азаматша ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашеваның хабарлағанындай, ол қаладағы банктердің бірінде қызмет жасай жүріп, алаяқтықпен айналысқан. Атап айтқанда, тұрмысы төмен, қаражатқа мұқтаж жандарға көмектесемін деп уәде беріп, банктен қомақты көлемде қаржы алғызып отырған. Біріне 200 мың теңге, келесісінен 500 мыңға дейінгі көлемде ақша алғызған. Содан кейін несиені өзім төлеймін деп, соның орнына азды-көпті қаржы ұсынған. Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында аталған азаматшаның осындай жеті қылмысқа барғаны анықталды. Тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, оның жасаған алаяқтығы бұдан көп болуы да әбден ықтимал.

Айта кетейік, биылғы сегіз айда өңірде алаяқтық қылмысы бойынша 576 дерек тіркелсе, соның 426-сы белгілі болып отыр. Яғни қылмыстың ашылу көрсеткіші — 74,5 пайыз.

Өкінішке қарай, алаяқтықтың түрі көп, біреуге қарыз беріп, оны қайтарып ала алмай жүрген адамдар да аз емес.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық