jasqazaq.kz

Алты баласын тастап кеткендер табылды

16 қантар 2017, 22:07

Үйіне қайтып оралған ерлі-зайыпты ешқайда қашқан жоқпыз деп отыр. Ал 1 ай бойы Алматыда болыпты.

Гүлназ Қожахметова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

-Мен жұмысқа кеттім Алматыға. Жолдасымыз екеуміз бірге кеткенбіз негізі. Ол жұмысқа тұра алған жоқ. Мен өзім караоке барға жай ыдыс жуушы болып жұмысқа тұрдым. Мен бала-шағамды ешқашан тастамаймын. Ондай менде ешқашан болған емес. Бәрі біледі.

Кейін Гүлназдың денсаулығы сыр беріп, бала-шағасына хабарласатын шамасы болмапты. Әрі ұялы телефонын жоғалтып алған көрінеді. Ал күйеуі Әділет осы уақыт бойы әйелін іздеумен болған. Бұл олардың жұмыс іздеп, өзге қалаға алғаш кетуі емес. Айтуларынша, бәрі перзенттерінің қамы үшін. Бұл ретте Гүлназ жөн-жосықсыз жанжал шығарған енесін кінәлады. Естеріңізге салсақ, өткен аптада 6 баламен бірге ішер ас пен киер киімсіз қалған зейнеткер көптен көмек сұраған болатын. Ал балалардың анасы мейрамханада жұмыс істеп жүргенде, ақша ұрлады деп айыпталғаннан кейін ұшты-күйлі жоғалған екен. Әйелдің өзі мұны мойындап отыр. Қазір бала-шағасына оралған ерлі-зайыптыға қатысты іс қозғалған. Енді екеуінің де ата-аналық құқығы шектелуі мүмкін.

ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық