jasqazaq.kz

Алтай Көлгінов: Астанада LRT құрылысы жалғасады

29 маусым 2022, 16:50

LRT құрылысы жалғасады. Бұл туралы Baigenews тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Урбанистика орталығы қоғам мен транспорт саласындағы мамандардан ұсыныс жинағанын білесіздер. Осының негізінде халықаралық мамандар мен ел азаматтарынан 400-ден астам ұсыныс түсті. Қорыта айтқанда, азаматтардың 51 пайыздан астамы жобаның жалғасқанын қалайды. 42 пайызы жобаның өзге альтернативада жасалғанын, салынғанын қолдайды. Ал ұсыныс білдіргендердің 7 пайызы құрылысты толық сүріп тастау қажет екенін айтқан. Біз бірнеше нұсқаны қарастырдық. Оның ішінде осы нысандарды бұзып, орнын тазарту идеясы да болды. Бірақ қалада 500-ден астам бағана бар. Оны толық сүріп тастау үшін шамамен 20 млрд теңге қажет. Сондықтан бюджеттен көп қаржы жұмсалғанын ескере келе, LRT құрылысын толық аяқтау ойға қонымды деп шештік. Дегенмен үнемдеуге тура келеді. Бастапқыда жобаға 1 млрд доллардан астам ақша қажет болатын. Ал біз шығындарды қысқарту арқылы құрылысты аяқтауға 577 млн доллар қажет деп отырмыз», — деді елорда әкімі.

Алтай Көлгінов бастапқыда жоспарланғандай 18 станция емес, 8 станцияны іске қосылатынын мәлімдеді. Ол әуежайдан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Әкімнің сөзінше, 5 жылжымалы құрам жұмыс істейді. Әр құрамға жалпы саны 600 адам сыятын 4 вагон жалғанады.

«Транспорттың жүру жиілігі 15 минут болады деп жоспарланып отыр» деп атап өтті Алтай Көлгінов.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл