jasqazaq.kz

Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын

12 қараша 2025, 13:39

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Бостандық ауданында тәулігіне 500 адам қабылдауға арналған жаңа емхананың құрылыс барысын тексерді. Аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін едәуір арттыруға бағытталған нысан Левитан көшесінде салынып жатыр.

Бүгінгі күні нысандағы төрт блок бойынша монолитті темірбетон және шатыр жұмыстары толық аяқталған. Қабаттарда терезе құрылымдары орнатылып, инженерлік желілер тартылған, әрлеу жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде. Қасбетті қаптау және аумақты абаттандыру жұмыстары да қатар атқарылуда.

«Жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл қолданыстағы медициналық мекемелердің жүктемесін азайтып, аудан тұрғындарына заманауи талаптарға сай, жаяу жетуге ыңғайлы медициналық қызмет көрсетуге арналған маңызды нысан. Біз істеліп жатқан жұмыстың сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Емхана қазіргі стандарттарға толық сай салынуда, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасау көзделген. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру қажет», – деді Бейбіт Шаханов.

Жобада пациенттердің санын бөле отырып, түрлі бөлімдер мен қызметтерді қамтитын көпфункционалды медициналық мекеме қарастырылған.

Мысалы, бірінші қабатта сәулелік диагностика бөлімі, хирургиялық және травматологиялық кабинеттер, фтизиатриялық қызмет (ересектер мен балаларға арналған), қабылдау және сүзгі кабинеттері, балаларды амбулаторлық қабылдау, әлеуметтік дәріхана, асхана және күту аймақтары орналасады.

Екінші қабатта әйелдер консультациясы, жастар денсаулығы орталығы, отбасылық денсаулық орталығы, кеңес беру және диагностикалық бөлім, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі орналаспақ.

Үшінші қабатта эндоскопия бөлімі, амбулаторлық хирургия орталығы, күндізгі стационар, клиникалық-диагностикалық зертхана, әкімшілік блок, медициналық оңалту және физиотерапия бөлімдері қарастырылған. Жертөле қабатта орталық зарарсыздандыру бөлімі орналасады.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді