jasqazaq.kz

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр

26 қараша 2025, 18:40

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қала тұрғындарының сұрағына жауап беріп, Алматы зообағын жаңғырту жоспары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оның айтуынша, зообақ – бірегей нысан, әрі оған келіп-кететіндер саны да артып барады. Сондықтан қазіргі қоршаулардың, айналадағы аумақтар мен инженерлік инфрақұрылымның жағдайы едәуір ескіргенін, жұртқа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтады. Қазіргі қоршаулар жануарларды күтіп-ұстаудың әлемдік стандартына да сай келмейді.

«Әлемнің барлық елінде зообақтарды табиғи ортаға ұқсайтындай етіп, жан-жануарларға барынша жайлы жағдай жасап жатыр, біз де осы бағытта жұмыс істеуге бет алдық», — дейді Бейбіт Шаханов.

Қайта жаңғыртуға дайындықтың негізгі кезеңінің бірі – іргелес жер телімдерін сатып алу. Ол — инфрақұрылымды толық жаңартып, жануарларды ұстауға арналған заманға сай табиғи аймақтар құрып, автотұрақ аумағын кеңейту деген сөз.

«Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқан кезде климаттық жағдайы ұқсас елдердің зоопарктерін жаңғырту тәжірибесі ескерілуде. Вольерлерге қойылатын талаптар жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген Модернизацияның мастер-жоспарында белгіленген жануарларды күтіп-ұстау стандарттарына толық сәйкес келеді. Жобалауға Еуропа мен Ресейден келген зооархитекторлар қатысуда», – деп атап өтті спикер.

Жоба бойынша жұмыс қазір басталып кетті. Келер жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу да аяқталып қалады. Ал 10 жер телімін сатып алғаннан кейін қала зоопаркті ауқымды түрде қайта құруға кіріседі.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді