jasqazaq.kz

Алматыдағы Саин көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

19 қантар 2023, 10:52

Биыл Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары толық аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала басшысының айтуынша, былтыр Алатау ауданында бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«2022 жылы Алатау ауданында 53 көшедегі ұзындығы 42 км жолға орташа жөндеу, сондай-ақ 35 көшеге жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін Алғабас және Шаңырақ-1 шағынаудандарында 40,5 км жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ осы жылдың III-тоқсанында Шапағат шағынауданында сумен жабдықтау және канализация желілерін салу аяқталғаннан кейін 4,8 км жаңа жолдың құрылысы басталады. 2023 жылы біз ұзындығы 38 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сондай-ақ әкім биыл Саин көшесін ұзарту жұмыстары аяқталатынын жеткізді.

«Биыл желтоқсан айында Мөңке би көшесінде көлік жолайрығын салып, Саин көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған, соның арқасында қаланың негізгі магистралдық көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», – деді ол.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата