
Алматы қалалық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында интимдік сипаттағы ақылы интернет-трансляциялар жүргізуге жабдықталған пәтерді анықтадығ деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Полиция қызметкерлері барған кезде пәтерде онлайн-трансляцияға қатысқан қыз бен студияның әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді. Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құралдары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз студияның қызметін ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер ескертеді: цифрлық кеңістікте толық анонимділік жоқ. Интернеттегі кез келген заңсыз әрекет ерте ме, кеш пе құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.