jasqazaq.kz

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді

12 желтоқсан 2025, 17:21

Алматы қаласында пластик қақпақтарды жинап, оларды кейін қайта өңдеуге өткізуге бағытталған «Добрая крышечка» экологиялық науқанның басталғаны ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласының Экология және коршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Науқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен өтеді және қоршаған ортаны қорғау, пластик қалдықтарының көлемін азайту, сондай-ақ тұрғындар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне назар аударуға бағытталған.

Бастамаға мектеп оқушылары, балабакша тәрбиеленушілері, ата-аналар, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді түрде қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындарды экологиялық тәжірибелерге тарту коршаған ортаға жауапты көзкарас қалыптастыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.

Жиналған пластик қақпақтарды Алматының барлық аудандарының тұрғындары жақын маңдағы қалдықтарды қабылдайтын комьюнити орталықтарға тапсыра алады.

Қабылдау пункттерінің мекенжайлары:

• Алатау ауданы — Саялы шағын ауданы, 71;
• Әуезов ауданы — Мамыр-1 шағын ауданы, 26/1;
• Жетісу ауданы — Серіков көшесі, 6а;
• Наурызбай ауданы — Шұғыла шағын ауданы, Сакен Жүнісов көшесі, 4/3;
• Бостандық ауданы — Абай даңғылы, 164/6;
• Түрксіб ауданы — Жас-Қанат шағын ауданы, 49А;
• Алмалы ауданы — Байтұрсынов көшесі, 22/1;
• Медеу ауданы — Халилуллин көшесі, 140/5.

Науқан аясында экологиялық жәрмеңкелер, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған оқыту шеберлік сыныптары, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар өткізу жоспарланған.
JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді