
Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қалалық экология департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Сержан Ұлдарбековті қызмет бабын пайдаланып, жұмысқа орналастыру мақсатында 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін тұтқындады.
Қазіргі таңда Сержан Ұлдарбеков Алматы қалалық ІІД уақытша тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүрізілуде.