jasqazaq.kz

Алматыда мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды (Видео)

28 желтоқсан 2022, 14:19

Алматы орталығындағы мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 12:00 шамасында жедел басқару орталығына білім ордасына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

«Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылмаған. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Қазір полиция мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады»,- делінген жазбада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде