jasqazaq.kz

Алматыда лай көшкіні болды

11 мамыр 2016, 18:11


 

Бүгін таңертең Алматының Медеу және Бостандық аудандарында шамадан тыс ылғалдың себебінен лай көшкіні орын алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«2016 жылдың 11 мамырында сағат 08:30 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Луч» бағбандық қоғамында топырақтың шамадан тыс ылғалдануына байланысты көлемі 12 текше метр болатын лай көшкіні орын алды. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен жолдар аршылды. Зардап шеккендер жоқ»,– деді Руслан Иманқұлов

Оның айтуынша, кейін, сағат 10:30 шамасында Бостандық ауданына қарасты Алатау шағын ауданында 2000 текше метр саз-балшықты лай көшкіні болған. Салдарынан 2 қабатты жеке тұрғын үйдің терезе жақтауына зақым келген. Адамдар дін аман.

«Қазіргі таңда оқиға орнында ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» мекемесінің 10 адамы мен 4 инженерлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, Алматыда жауған мол жаңбыр топырақтың шектен тыс ылғалдануына себепші болды», – деп тоқталып өтті ТЖК өкілі.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық