jasqazaq.kz

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты (Видео)

03 қантар 2023, 12:38

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, сағат 10:13-те Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167 үй, 4-блок, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта асүй мен бөлмелері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz тілшісіне өрт оқиғасының куәгері жіберді.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да жойылды. Өрттің 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды», — деді ведомство өкілдері.

Газ және түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялады. Келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін жабдықталған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде