jasqazaq.kz

Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр

16 қазан 2025, 18:24

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнына барып, қаланың алдағы қысқы маусымға дайындығымен танысты.

Қала көшелерін уақытылы тазалау мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматыда арнайы техника паркі жаңартылып жатыр. «Алматы Тазалық» кәсіпорнының қарамағында 700-ден астам техника бар. Биылдың өзінде 36 жаңа техника сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 294 заманауи машина әкелінбек. Олардың ішінде көпфункциялы жол тазалау көліктері, JetBroom жүйелері мен шнек-роторлар бар. Бұл қала жолдарын қыс бойы таза әрі қауіпсіз ұстауға сеп болмақ.

Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Ауа райы нашарлаған жағдайда қосымша 3 мыңға жуық уақытша қызметкер жұмылдырылмақ. Қыс маусымына арналған 605 техника әзір тұр, 45 мың тонна көктайғаққа қарсы материал қоры дайындалған, қосалқы бөлшектер қоймалары да толық жасақталған.

Биыл Әуезов ауданында кәріз суының жылуын пайдаланып жұмыс істейтін алғашқы қар ерітетін пункт іске қосылды. Оның қуаты тәулігіне 1200 текше метрге дейін жетеді. Жыл соңына дейін Бостандық ауданында газбен жұмыс істейтін Trecan-80SG-M қондырғысы негізінде тағы бір заманауи қар еріткіш кешен пайдалануға берілмек. Ол тәулігіне 4 мың текше метрге дейін қарды ерітіп, сүзгіден өткен суды қаланың кәріз жүйесіне жібереді.

«Қызметке келген бетте-ақ Алматының сегіз ауданының барлығын араладым. Сол кезде әрбір мекеме техникасын, қызметкерлерін таныстырып, толғақты мәселелерін айтқан еді. Бүгінде сол түйткілдердің басым бөлігі шешімін тапты. Қала қысқа дайын, енді бәрі сіздердің ұйымдасқан жұмыстарыңызға, жауапкершіліктеріңізге және еңбектеріңіздің сапасына байланысты», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкім коммуналдық техниканы жаңарту, жаңа технология енгізу және қар ерітетін нысандардың санын көбейту ісін жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, экологияға зиянсыз көпкомпонентті көктайғаққа қарсы материалдарды сынақтан өткізу жөнінде тапсырма берілді.

Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдардың қысқы маусымға толық дайын болуын, қала көшелері мен жолдың күтім сапасын арттыруды және коммуналдық қызметтердің жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында