jasqazaq.kz

Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды

28 қантар 2023, 20:53

Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті негізінен қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. – К.есімді азаматша Көк базар аумағында №141 қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған жерінен ұсталды. Ол жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды ұрлап кеткен. Күдіктіні ұстауға бізге қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері көмектесті. Ұстау кезінде одан ұрланған әмиян тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. Жәбірленушінің арызы негізінде ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айтпақшы, бұған дейін күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді