jasqazaq.kz

Алматыда ер адам жанжалдасып қалған танысын өртеп жіберген

31 мамыр 2017, 16:17

Алматының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында адам өлтіру қылмысы бойынша күдіктіге қатысты сот үкімі шықты.

Сот 2016 жылдың 23 наурызында күдікті бұрын жанжалдасып қалған азаматтың үстіне өртенгіш сұйықтық шашып, от қойғанын анықтады. Оқиға дүкеннің ішінде болған. Осыдан кейін күдікті сыртқа шығып, от лаулап кеткенше есікті жауып тұрған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Денесін күйік шалған азамат оқиға орнында көз жұмған. Сот шешімі бойынша, күдікті ҚР ҚК-нің 99-бабының 5-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған азамат жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне әзірше енген жоқ.

Тengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық