jasqazaq.kz

Алматыда дәрігерлер баспанасыз адамды емдеуден бас тартқан (видео)

13 наурыз 2017, 16:19

Дәрігерлер қаңғыбас адамды жануарға теңеген. Осылай деп шағымданған қала тұрғыны Екатерина Железина арнамыздан көмек сұрады. Алматы тұрғынының сөзінше, медиктер адам денсаулығына немқұрайлылық танытады деп отыр.Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Отыз бес жасар Александр Садық, оң аяқ балтырының еті көрініп отырсада жанын бағу үшін қайыр сұрауға мәжбүр. Көшеде қалған қаңғысбасқа алаңдаған Екатерина Железина жедел-жәрдем шақыртыпты.

«Біз мәселенің мән жайын телефонға түсірдік. Шарасыздан қайыр сұрауға мәжбүр болып отырған азаматтың аяғын көрдіңіздер ғой. Неге ақ халаттылар оған көмек көрсетудің орнына не істесек деген оймен әбден ойланады? Адам-адамға жаны ашымаса болмайды ғой. Менің жедел — жәрдем қызметкерлеріменен ұрысқанымның салдарынан қалалық 12 ауруханаға алып кетті»,- деді Алматы тұрғыны, ЕКАТЕРИНА ЖЕЛЕЗИНА.

Көшенің қақ ортасында айғай шу шыққан соң дәрігерлер қайыршыны ауруханаға жеткізген. Сол маңдағы куәгерлер талай рет жедел-жәрдем шақырғанымызбен алмай кеткен дейді. Науқастың халін білу үшін артшынша бізде бардық. Алайда, дәрігерлер барлық жағдай жасап, қарап жатқандарын айтты.

«Қазіргі заманда, дәрігерлерге сенімсіздікпен қарағандар қателеседі. Біз әрқашанда әр науқасты қабылдауға дайынбыз. Бірақ бізде де міндет бар қандай науқасты қабылдау керек? Не жөнінен деген сияқты. Науқастың ауруы асқынып кеткен. 2014 жылдан бері пайда болған. Қазір жағдайы жақсы»,- деді Хирургиялық инфекция және проктология бөлімінің меңгерушісі, Марат КАЛЕНБАЕВ.

Екі беті ісініп кеткен бұл азаматты қазіргі халі қалыпты көрінеді. Алайда, көптен бері асқынған ауруы ел қатарлы еңбек етіп, нәпәқа табуыма мүмкіндік бермейді дейді науқас.

«Көшеде менің түрімді көріп, жедел-жәрдем шақыртып ауруханаға алып келген әлгі әйелге рахметімді айтамын. Аяғым жараланбай отырып базарда тәшкі сүйреген едім. Қазір жүріп-тұруым нашарлағаннан кейін жан бағу мақсатында қайыр сұраймын. Жағдайым жақсы болып қалды. Дәрігерлерге рахмет айтамын»,- деді Алматы тұрғыны, Александр САДЫҚОВ.

Елімізде барлық науқас жандарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Сол үшін жыл сайын мемлекеттің бюджетінен 160 млрд теңге бөлінеді екен. Ал, Александр ауруханадан шыққан соң қайда барарын әзірге білмейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық