jasqazaq.kz

Алматыда бір ауданға 126 автобус сатып алынады

02 наурыз 2023, 17:04

Алматы қаласында қоғамдық көліктердің сапасын жақсарту қарқынды жүзеге асып жатыр. Бүгін Медеу ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев биыл осы ауданның өзіне 126 жаңа автобус сатып алынатынын айтты. Алматы қаласының әкімі былтыр қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 225 автобус сатып алынғанын айтты. Соның нәтижесінде шаһарда 20 маршруттағы автобустар жаңартылып, 1 жаңа бағыты ашылған. «Осы жылы біз 8 маршрутта 126 автобусты жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жаңа қоғамдық көліктерді сатып алу жыл соңына дейін жоспарлы түрде жүргізіледі», – деді Е.Досаев.
Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде шаһар басшысы жол инфрақұрылымын жандандыру жұмыс да қарқын алып келе жатқанын атап өтті.

«Былтыр 27 шақырым жолға орташа және 32,5 мың шаршы метр жолға жөндеу жүргізілді, 18 км-ден астам тротуар салынды. Биыл 37 көшеге жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, 50 мың шаршы метр жолды жөндеу және 16 көшеде 18,5 км тротуар салу жоспарланып отырғанын» да жеткізді алматылықтарға.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық