jasqazaq.kz

Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті

02 қазан 2025, 18:21

Бүгін Алматыда XIV Азаматтық форум өтті. «Цифрлық мемлекет пен азаматтық қоғам: серпінді серіктестік» тақырыбымен өткен жиын азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік құрылымдардың өзара байланысын нығайтуға бағытталды.

Форумның ашылу салтанаты Достық даңғылындағы Оқушылар сарайында өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, белсенді азаматтар мен халықаралық ұйымдардан келген қонақтар қатысты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары форум нәтижесіне сәттілік тіледі.
Форум барысында көптеген өзекті тақырыптар көтерілді. Қазақстан Азаматтық Альянсы ЗТБ Президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева елімізде Үкіметтік емес ұйымдардың нақты құқықтық мәртебесі жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң ескірген әрі азаматтық қоғамның барлық институттарын қамтымайды.

«Бізге үкіметтік емес ұйымдар туралы жеке, нақты заң керек. Себебі азаматтық қоғамда жұмыс істейтін ұйымдардың әрқайсысының ерекшелігі бар. Бірақ оларды біріктіріп, заңмен нақты анықталатын ортақ мәртебе жоқ,» – деді Бану Ғаниқызы.

Сондай-ақ, форум аясында Алматыда Азаматтық қоғам орталығын құру бастамасы көтерілді. Бұл орталық азаматтық бастамаларды қолдау, ҮЕҰ мен мемлекеттің байланысын нығайту алаңы болмақ.

Форумның көрме алаңында отандық инновациялық жобалар таныстырылды. Солардың бірі — зерттеуші Елдар Әбдіқадірұлы таныстырған портативті кардиоанализатор – ПКА 836. Бұл құрылғы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдардың жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

«Құрылғы ЭКГ сигналын тіркеп, жүрек қызметін нақты уақытта бағалайды. Қауіпті жағдай анықталса, автоматты түрде туысқандарына немесе дәрігерге хабарлама жібереді,» – деді жоба авторы өз баяндамасында.


ПКА құрылғысы мобильді, сервер арқылы бақылауға болады және еліміздің денсаулық сақтау жүйесімен біріктіруге ыңғайлы. Бұл бастама медициналық инновациялар арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Форум барысында төрт тақырыптық панельдік сессия өтті:
-«Smart City» – ақылды қала шешімдері,
-«Civic Tech» – азаматтық қатысудың технологиялық құралдары,
-Қоғамдық кеңестердің рөлі мен ашықтық,
-Денсаулық сақтау және цифрлық инклюзия.


Сессиялар аясында сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері ұсыныстар мен идеялармен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
Алматы қаласы азаматтық белсенділігімен ерекшеленіп келеді. Бұл жолғы форум да соның дәлелі болды. Форум соңында ұсыныстар жинақталып, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бастамалар нақтыланды. Үздік жобалар мен белсенділер арнайы марапаттарға ие болды.

Олжас Әбдіхалық

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында