
Алматы орталығындағы атыс жұртты дүрліктірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгерлер Көк базар мен Райымбек батыр метро стансасының маңында атысты естіген.
Алматы қалалық ІІД өкілдері қала орталығында атыс болды деген хабар түспегенін айтады. «Бізге ешкім хабарласқан жоқ», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.