jasqazaq.kz

Алматыда апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды

02 ақпан 2023, 16:14

Алматының Медеу ауданында магистральды су құбыры зақымдалды. Жарылған құбырды «Алматы су» бригадасы қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы су» МКК мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойымен өтетін құбырдағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 8 бірлік техника мен екі бригада жұмылдырылды.

«Осыған байланысты Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылды»,-деп хабарлады деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген. «Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша сумен жабдықтау желілерінің 54,2 пайызы тозған. Инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды жеделдету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тарифтік саясатты енгізу жоспарлануда»,-деп атап өтті «Алматы су» компаниясынан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде