jasqazaq.kz

Алматыда АҚШ-тан есірткі контрабандасының арнасы жойылды

28 қазан 2025, 16:20

Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткі заттарының аса ірі көлемдегі контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан сотталған адам Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы — марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 кг құрайтын марихуана мен каннабис сығындысы салынған25 сәлемдеме тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, айыпталушылардың құқыққа қарсы қызметін растады.

20 күдікті, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органының 2 қызметкері және қылмыстық топтың қызметіне қамқорлық көрсеткен ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды.

Іс бойынша айыпталушыларға есірткі заттарын контрабандалағаны және сатқаны, сондай-ақ лауазымдық қылмыстары үшін жауаптылықты көздейтін баптар бойынша айып тағылды.

Заңсыз қызметтен алынған табысты күдіктілер жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін және автокөлік құралдарын сатып алу жолымен заңдастырған. Соттың санкциясымен 5 пәтерге, 3 құрылысқа, 10 жер учаскесіне және 44 автокөлік құралына тыйым салынды.

30.09.2025 ж. қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып табылатынын және қатаң түрде қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ескертеді. Өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру кезінде сақтық танытуды еске салмыз.

Сурет: Depositphotos.com

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында