jasqazaq.kz

Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды

06 ақпан 2023, 12:59

Алматыда дәрігерлер шұғыл ота кезінде 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алды, — деп хабарлайды JQ-Aqparat.

«Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды», — дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазан көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын білген. Асқазанда көптеген гетероген бөлшектер, шаш өрімі және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталған.

«Асқазан қуысында үлкен көлемдегі тығыз түзіліс табылды және жойылды: салмағы 1 келі бөгде дене (трихобезоар)», — деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.

Дәрігерлер шаштың бұлай жиналуы басынан, қасынан және кірпіктерінен шашты жұлып, жұтуға патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесетінін атап өтті — триотилломания. Бұл ауру көбінесе обсессив неврозы бар балаларға, девиантты мінез-құлқы бар балаларға әсер етеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде