jasqazaq.kz

Алматы зообағының директоры қызметтен кетті

09 қараша 2016, 15:55

photo_31318

Қанат Кәрімов Алматыдағы зообақтың директоры қызметінен кетті. Бұл туралы ол зообақ аумағында болған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, бүгінде зообақ төңірегінде ақпараттық қоғамда шектен шыққан әңгімелер тарады. Бұл қарсылық мені зообақ басшысы ретінде қабылдамауға дейін әкелді. Сіздер де, мен де қандай шара қолдансам да, жануарлардың өлімінен қашып құтылу мүмкін емес. Олар — биологиялық тіршілік көздері. Осыған байланысты енді тағы да шу көтеріліп, біздің кәсіпорынның да беделі түседі. Бұл мәселе маған жеке адам ретінде де қатысы бар болғандықтан, мен бұл мәселенің шиеленісіп кеткенін түсіне отырып, өзім үшін шешім қабылдадым: мен бүгін өз еркіммен зообақ директоры қызметінен кету туралы өтініш жаздым. Мен қала басшылығына осы мекемені сеніп тапсырғанына алғыс айтамын. Барлық әріптесіме рақмет айта отырып, жаңа басшыға сәттілік тілеймін. Алда өтетін кәсіпорынның 80-жылдығын лайықты атап өткізуін тілеймін», — деді Қанат Кәрімов.

Айта кетейік, соңғы бес жылда Алматы зообағында 500-ден аса жануар өліп қалған. Ал қазан айында зообақ басшылығы өлім аузында жатқан жануарлардың тізімін жариялаған болатын.

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық