jasqazaq.kz

Алматы полициясы стендапердің қыздарды кемсіткен видеосынан кейін тексеріс бастады

24 қараша 2022, 14:29

Желіде Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптаған видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода ол қыздарды келемеждеп, сұрақтарына дұрыс жауап бермей, «сенің анаң да жезөкше, басың дұрыс істемей ме?» дейді.

Бұған дейін стендап-комик Twitter-парақшасында әйелдерге қатысты ойға қонымсыз жазбалар жариялаған. Тіпті бір қызға «жезөкшесің» деп жауап берді. Ал қазір оның парақшасы бұғатталған.

Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алматы полиция Департаменті қазір бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылданатынын хабарлайды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», — делінген хабараламада.

Бүгін, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды