jasqazaq.kz

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу адамдарға жұдырық ала жүгірді (Видео)

03 мамыр 2021, 11:31

Алматы облысында жүргізуші төбелес шығарды. Оқиға Іле ауданы Боралдай кентінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің сөзінше, «Водник» ықшамауданындағы базардың алдынан жылдам өте қоймаған екі жаяу жүргіншіге «Ниссан» маркалы, мемлекеттік нөмірі «415 ALU 05» көлігіндегі жүргізуші жұдырық ала жүгірген. Жол ортасына машинасын қоя салып төбелес шығарған жүргізушінің кесірінен көлік кептелісі пайда болған. Ашулы жүргізуші адамдардың ажыратқанына да, халықтың айқайына да қарамаған. Көлігін жолдан алуды талап еткен халықтың наразылығынан соң, жүргізуші төбелесті жолдың шетіне шығып жалғастырған.

«Бұл жүргізуші осы Боралдайда тұрады. Осылай жолдағы адамдармен төбелесіп жүретін бұзық жігіт», — дейді куәгерлер.

Қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізуші жаяу жүргіншіні бірнеше рет жерге құлатып, ауыр соққылар жасайды.

Төбелес 1 мамыр күні сағат 19:20 шамасында «Алатау» базарының алдында болған. Кептелістің кесірінен жедел жәрдем көлігінің дабыл қосып, өте алмай тұрған. Қарсыласына соққы жаудырып, бетінен тепкілеген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы облыстық ПД аталған жағдайға қатысты мән-жайды анықтап жатқанын айтты.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті