jasqazaq.kz

Алматы метросында «бомба» барын айтып, елді дүрліктірген қыз небәрі 9 жаста болып шықты

27 сәуiр 2017, 15:15

Құзырлы орган өкілдері мен арнайы қызмет Алматы метросына жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған адамның кім екенін анықтады. Ол — Алматы облысы Сарқанд қаласындағы Островский орта мектебінің үшінші сынып оқушысы деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Көз жасын тоқтата алмаған қыз баланың полицейлерге айтуынша, бір жерге қоңырау шалу тіпті ойында да болмапты.

Сол күні әкесі қызына арманындағы ұялы телефонды алып беріпті. Қуанышы қойнына сыймаған оқушы бәріне бірдей хабарласа берген. Ұзақ әңгімеден кейін балақайға байлынысындағы бірлігі таусылып қалғандай көрінеді.

Осыдан кейін ол байланыс операторынан бірлігін тексермек болып, қоңырау шалады.

«Маған бір аға жауап қатып, Қауіпсіздік комитетінің «жедел желісіне» хабарласып тұрғанымды айтты. Мен қорқып кетіп, тұтқаны тастай салдым. Алайда маған бір уақыттан кейін белгісіз нөмірден қоңырау шалып, менің не үшін хабарласқанымды, «қандай да бір қылмыс жайлы айтқым келмей ме», деп қоймастан сұрай бастады. Сол кезде мен метроға бомба қойылғанын айтып, тұтқаны тастай салдым», — дейді үшінші сыныптың оқушысы.

Мектеп директорының айтуынша, қыз бала тәрбиелі отбасынан шыққан екен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық