jasqazaq.kz

Алматы метросында бомба бар деген жеткіншектің ата-анасына ірі айыппұл салынуы мүмкін

25 сәуiр 2017, 22:06

Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншек миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін. Өйткені жалған ақпар бойынша бір нысанды тексеруге кететін шығын ең кемі 500 мың теңге. Ал кеше кешкісін қаладағы 9 бірдей бекет түгел тексерілген. Бұл туралы ктк арнасы хабарлады.

Кеше кешкісін 112 нөміріне суыт хабар түскен болатын. Полицейлер дереу қауіпсіздік үшін метродағы бүкіл жолаушыларды сыртқа шығарған. 9 бекетті 4 сағатқа жуық тексерген мамандар қауіпті ештеңе таппапты. Ал қылжақбастың өзін бір сағатқа жеткізбей анықтаған. Ол Алматы облысы Сарқанд ауданының 9 жастағы тумасы. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Негізі мұндай жалған ақпарат үшін 6 жыл жаза кесіледі. Ал қоңырау шалған бала әлі кәмелетке толмаған. Енді оның мәселесін сот шешуі тиіс.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Қылмыстық әрекеттерді тексеру барысында суыт хабарды мемлекет тарапынан тексеруге жұмсалған қаржы-қаражатты, шығын мөлшерін өтеу сот арқылы көзделуі мүмкін.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық