
Алматының барахолкасында төрт контейнер өртенді. Оқиға туралы 18.14-те белгілі болған.
«101» пультіне Жетісу ауданы, Слтүстік айналма жол 9 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен. «Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер (18:22-де) төрт контейнердің ашық түрде өртеніп жатқанын жеткізді. Өрт 18:40-та сөндірілді. Өрт сөндірушілер өрттің басқа да контейнерлерге тарауын тоқтатты. Өрт сөндірушілер ішкі өрт сөндіру су құбырларын пайдаланды», — деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Тengrinews.kz хабарлағандай, өрттің аумағы — 80 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.