jasqazaq.kz

«Алматы-1» теміржол вокзалы маңында метро стансасы салынады

07 қазан 2016, 12:54

20161007114709

«Метропроект» ЖШС-нің жобалаушы бас инженері Павел Московчук Алматының Түрксіб ауданында метрополитенді дамыту жоспарымен бөлісті.

«Түрксіб ауданында метрополитенді дамыту маңызды оқиға. Біз бүгін Түрксіб ауданы бағытына қарай бірінші метро желісін жүргізу сызбасын көрсетіп отырмыз. Қазіргі Райымбек батыр стансасынан солтүстік бағытқа қарай, қаланың төменгі бөлігіне, Сейфуллин көшесі бойымен созуды ұсынып отырмыз», — деді Павел Московчук.

Оның айтуынша, жоспар бойынша Түрксіб ауданында Жансүгіров пен Сейфуллин көшелерінің қиылысы, Сейфуллин бойымен Ақан серіге бұрылып, Жұмабаев-Сейфуллин қиылысында және «Локомотив» стадионы бағытында метро стансалары пайда болады.

«Келесі метрополитен стансасы Алматы-1 теміржолы ауданында болады. Одан кейінгі стансаны біз Бекмаханов-Жансүгіров көшелерінің қиылысында салмақпыз. Мұнымен тоқтамай, метро желісі қаланың төменгі бағытына қарай түсіп, Первомайка ауылына жетеді. Онда «Солтүстік автовокзал» стансасын салуды жоспарладық», — деді ол.

Инженердің айтуынша, метро желісі Қоянқұс Ынтымақ ауылдарына дейін ұзаруы мүмкін.

«Тұрақты және жеткілікті қаржы болса, мұны 5 жылда жүзеге асыруға болады», — деді Павел Московчук.

inform.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық