jasqazaq.kz

Алмат Исәділ, журналист: Әр азамат ақпарат қауіпсіздігіне алаңдауы тиіс

27 ақпан 2023, 12:29

Менің пікірім

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалған ақпарат пен адамның ой-санасын алдап-арбайтын өтірік хабарға тосқауыл қою қоғамда тұратылықты баянды етудің маңызды міндетіне айналды. Jas Qazaq-тың «Менің пікірім» айдары БАҚ майталмандарының осы тақырыпқа қатысты ой-пікірін ұсынады. Айдардың бүгінгі қонағы — журналист Алмат Исәділ.

«Қазіргі кезде әлемде ақпараттық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде тұр. Себебі кез келген мемлекет өзінің ұлттық болмысын, өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу жолында, өзін дамыту бағытында, әлемдік қауымдастықта өзінің белгілі бір мүддесін қорғауда да ең алдымен көзделетін мүдде – ақпараттық қауіпсіздік. Әсіресе, бұл біздің қоғамда үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені біз геосаяси жағдайда Еуразия кеңістігінің бел ортасында тұрған мемлекет саналамыз. Бүгінгідей жаһандық дәуірде коммуникациялық қызметтер бір-бірімен қидай араласып, ешбір сүзгісіз, шектеусіз алмасып жатқан шақта ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнбей қайтеді?!
Біз ұлттығымызды, мемлекеттілігімізді сақтап, дамытамыз десек, бірінші кезекте осы мәселені қолға алуымыз қажет. Қазіргі күнде ғаламторда, әлеуметтік желі өрісінде шекара, шектеу бар ма? Меніңше, бұл бағытта белгілі бір шектеулер қойып, қауіпсіздікті күшейткен ләзім. Интернет кеңістігіндегі қазақтілді контенттің қатарын молықтыру қажет. Сырттан келетін ақпараттар, түрлі деректер ең алдымен сүзгіден өткізіліп қана қара орман оқырманға жол тартуы керек. Мысалы, Қытай елін алыңыз. Белгілі бір контенттерге шектеу жасайды, не болмаса мүлде жабады. Кейбір елдерде Ютубта қандай да бір деңгейде шектеу бар. Фейсбук әлеуметтік желісінің де «желін шығарып», буынын басып қоятын мемлекеттерді білеміз. Мұның барлығының да арғы жағындағы түпкілікті мақсаты — ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп алмау. Оның сыртында баспа өнімдері, газет-журнал, кітаптардың да сүзгіден өткізілуі қатаң қадағаланады. Тіпті өздерінің шекарасынан өткізуге болмайтын баспа өнімдерінің арнайы тізімі бар елдерді де білеміз. Біздің елде, менің бағамдауымша, баспа өнімдерін елімізге кіргізуде дәл осы елдердегідей қаталдық жоқ сияқты. Бір білетінім, діни әдебиеттерді қадағалау, бақылау жүйелі жүргізіледі.

Қазір айналаға көз тігіп, жаһанға құлақ түріңізші. Төңірегіңіз тұнған ақпараттық майдан. Біздің ақпараттық кеңістік геосаяси жағдаймен көрші болғандықтан Ресеймен астасып, қабысып жатады деп айыптайтындар да бар.

«БАҚ туралы» заңда ақпараттық қауіпсіздіқ бұрын да қамтылған. Дегенмен соны қазіргі көзқарас, заман ағымының ағысына қарай да қатайтып, шегелей түсу керек. Екінші жағынан, ақпараттық қауіпсіздік дегенді тек БАҚ саласының мамандарына міндеттеп қою да дұрыс емес. Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік қауіпсіздік. Демек осы мемлекеттің әрбір азаматы ақпараттық қауіпсіздікке алаңдауы, қорғауы тиіс деп санаймын».

Жазып алған Қуаныш Рахмет

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата