jasqazaq.kz

Қалмұханбет Қасымов: Жалған ақпарат таратқан блогерлер мен тілшілер адвокат іздей берсін

20 шiлде 2016, 11:46

20160719190859

Алматыда орын алған оқиғаға қатысты интернетте жалған ақпарат таратқандар, сондай-ақ, куәгерлердің тексерілмеген сұхбатын жариялаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң, журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ол кеше түн ортасына дейін отырып, Алматыда орын алған оқиғалардың бейне және фотожазбаларын түгел қарап шыққан. Мысал ретінде министр атыс кезінде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің маңында жүрдім деген әйелдің сұхбатын айтып отыр. Ол әйелдің айтуынша, қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлаған. Айта кетейік, «Трубина» газетінің бұрынғы бас редакторы Алмат Азади де бүгін өзі жазған  материалында қылмыскер «Алла уәкбар» деп айқайлағанын естідім деп жазған.

«Бейнекамераның жазбасында мен ондай ештеңе естіген жоқпын… Бұл барып тұрған өтірік. Және бұл сұхбат (куәгер әйелдің — агенттік) интернетке шыққан. Одан кейін супермаркетте халық тұтқынға алынды деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат та интернет арқылы тарады. Біз қазір ол ақпараттарды тексеру үшін адамдарымызды жібердік. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғадық және сол блогерлер мен тілшіге адвокат іздей беруге кеңес беремін», — деді Қ.Қасымов.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық