jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Жетісулықтарға жер керек

25 ақпан 2023, 15:09

Талдықорған қаласында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі талқыланды.
Кеңес барысындаҮкімет жетекшісі алдағы уақытта ауылдық жерлерде агроөнеркәсіп секторын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.
«Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Жетісу облысындағы күн тәртібінде тұрған күрмеулі мәселенің бірі – мектептердің көнелігі. Облыста бес мыңнан оқушы 69 бейімделген мектепте оқиды. 26 мектептің жағдайы апаттық деп танылған, бір мектеп саман кірпіштен тұрғызылған. 2026 жылға дейін Жетісу облысында 10 жаңа мектеп ашылады. Бұған республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге қарастырылды.
Үкімет басшысы сөз арасында: «Сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады», — деді. Кеңесте денсаулық саласындағы түйткілді мәселелер де көтеріліп, шешу жолдары айтылды.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық