jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов Шымкентте жаңа зауытты іске қосты

27 қантар 2023, 17:43

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Қуаттылығы жылына шамамен 800 мың м2 шыны конструкциясын құрайтын кәсіпорынға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Зауытта заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған, ал шикізат Қызылорда облысынан (Orda Glass Ltd) жеткізіледі.

Жаңа кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа шығарылып қана қоймай, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне де экспортталады деп күтілуде.

Әлихан Смайылов өз сөзінде елімізде бәсекеге қабілетті өндірістердің саны жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

«Мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсетеді, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты артып келеді», — деді ол.

Жаңа зауыттың жалпы инвестициялық құны – 5,8 млрд теңге. Оны іске қосудың нәтижесінде 260-тан астам адам жұмыспен қамтылады.

«Жалпы оның қызметі өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Баршаңызды кәсіпорынның ашылуымен құттықтаймын! Жұмыстарыңыз табысты болсын!», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді