jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: «Мектептегі қауіпсіздікті күшейту керек»

14 ақпан 2023, 12:30

Үкімет отырысында Петропавл қаласындағы мектепте болған оқыс оқиға талқыланды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов аталған оқиғаның келешекте қайталанбауы үшін бірнеше министрлікке тапсырма берді.

Премьер-Министр осыған қатысты: «Бұл өте қауіпті жағдай. Халықтың арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіп барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарында тексеру жүргізу қажет», — деді

Ол бейнекамера санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керектігін ескертті.

«Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын. Оқу-ағарту министрлігі ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі қажет. Балалар түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуі тиіс», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті