jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: «Газпроммен» келіссөздің келесі кезеңін күтеміз

11 қантар 2023, 13:52

Үкімет отырысынан кейін журналистердің Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында «газ одағын» құру мүмкіндігі туралы сауалына Үкімет басшысы өз жауабын берді деп хабарлайды JQ-Ақпарат.

«Қазіргі уақытта үш жақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Алған кезде оны қарастыра жатармыз», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Ресеймен арада газбен қамту ынтымақтастығы жөнінде екіжақты келіссөз жүргізіліп жатыр.

«Таяу уақытта «Газпроммен» келіссөздің келесі кезеңін күтіп отырмыз. Бүкіл қарым-қатынас коммерциялық және өзара тиімді шарттармен жасалады. Біз екіжақты форматтағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Ә.Смайылов.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді