
Дүниежүзі студенттерінің қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы алтынды олжалады деп хабарлайды JQ-Aqparat. Студенттердің қысқы спорт түрлерінен өтетін аламан АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында басталды. Биатлоннан жекелей сайыста спортшылар 15 шақырым қашықтықта сынға түскен. Қазақстандық Вадим Куралес барлық оғын нысанаға дөп тигізіп, 42:37,4 уақыт нәтижесімен қысқы универсиаданың чемпионы атанды. Күміс медаль норвегиялық Эрьян Мосенгке бұйырды. Қола жүлдені француз студенті Аксель Гарне еншіледі.
Вадим Куралес келешегінен үміт күттіретін жас спортшылардың бірі. Ол былтыр Сахалинде өткен «Азия балалары» халықаралық турнирінде де чемпин атанып, мерейімізді тасытқан болатын.