jasqazaq.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

25 наурыз 2023, 12:09

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, баға тұрақтылығын сақтау бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. Алдымен БАҚ өкілдері, жұмысшы топ Шаяхметов көшесіндегі Qaz et әлеуметтік дүкеніндегі бағаны бақылады. Онда сиыр еті 2300 теңгеден сатылып жатыр. Ол – әлеуметтік баға. Сауда нүктесі 2022 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын.

Шаһарда тауарлардың бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде бірқатар ірі сауда орындарымен келісімдер жасалған. Бүгінде «Магнум» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар белгіленген бағада сатылуда. Мәселен, арзандатылған тауарлар қатарында нан – 92 теңге, шекер – 445 теңге, пияз – 225, сәбіз 180 теңге, картоп 180 теңге, күнбағыс майы 860 теңге деп белгіленген.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханиевтің айтуынша, бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда. Қала бойынша азық-түлік тапшылығы жоқ.

Жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, оларға айналым қарыз қаражаты берілген. Бүгінде қалада 100-ден астам сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі белгіленген.

Белгіленген баға әр тоқсан сайын өзгеріп отырады. Әр тоқсанда комиссия шешіміне сәйкес, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада бекітіледі. Шаһарда жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылап келеді. Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады.

Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысады. Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен қатар, бақша көкөністері мен жеміс-жидек секілді күнделікті тұтыну тауарларын делдалсыз тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие.

Айта кетсек, жәрмеңке әр аптаның сенбі және жексенбі күндері қаланың «Фосфоршылар мәдениет үйінің» алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары және «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында өтеді.

Бибайша Нұржанқызы

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата