jasqazaq.kz

Алданып қалмаңыз

13 қантар 2023, 14:11

Елорда тұрғындарымен кездескен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттық рәсімдеу кезінде бейресми мәліметтерге жүгініп, алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір желілерде айлакерлер пайда болды. Олар «Маған 10 пайызын берсеңіз, мен сізді банкрот деп танимын» деп уәде береді. Ондай хабарламаларға жүгініп керек емес. Себебі тұрғындар алданып қалады. Біз айтқымыз келеді: банкроттық процестер тегін түрде өткізіледі. Бұл — мемлекет тарапынан жасалған шара. Сондықтан бұған мемлекет пен азамат қана қатыса алады. Үшінші жақтың бұл іске қосылуы тиіс емес», — деп мәлім етті Ержан Біржанов.

Вице-министр сөзінше, егер банкроттықты рәсімдеу кезінде алаяқтық фактілері анықталса, онда бұл туралы ақпарат дереу құқық қорғау органдарына беріледі. Кейін айлакердің әрекетіне тиісті баға беріліп, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Сондықтан Ержан Біржанов банкрот деп тану жөніндегі өтініштер мен ақпаратты тек мелекеттік органдардан алу керектігін айтты.

Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, заңды түсіндірген вице-министр азаматтарды банкрот деп тану – қарызды кешіру акциясы емес екендігін баса айтты. Себебі мұның заңмен реттелетін салдары бар.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді